Алматы облысында өрттен 4 адам қаза болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін сағат 05.40-та төтенше жағдайлар қызметіне Алматы облысы Ұйғыр ауданының Шонжы ауылында жеке тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Бұл туралы ҚазАқпаратқа ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлім етті.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына 4 минутта жетті. Бұл кезде жеке тұрғын үй аумағындағы уақытша салынған нысан отқа оранған болатын. Өрт сөндіру барысында оқиға орнынан төрт адамның мәйіті табылды.

Өрт сағат 06.09-да ауыздықталып, сағат 06. 45-те сөндірілді. Жалын шарпыған аумақ 40 шаршы метрді құрады. Өрттің шығу себебі анықталуда


Соңғы жаңалықтар