Алматы облысында өртенген үйден ер адамның мүрдесі табылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы Талғар ауданына қарасты Жауғамыс ауылында жер үй өртенді. Құтқарушылар өртенген үйден 1955 жылғы ер адамның мүрдесін тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 11 қараша күні түнде болған.

«Төтенше жағдайлар қызметіне үйдің өртеніп жатқандығы жөнінде ақпарат 23 сағат 16 минутта түсті. 00:10-да өрт ауыздықталып, 00:20-да толықтай сөндірілді. Қызыл жалын 25 шаршы метр жерді шарпыған. Оқиға орнынан 1955 жылғы ер адамның мүрдесі табылды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметінің өкілі Азамат Жұртбаев.

Ведомство өкілінің айтуынша, Жауғамыс ауылына ең жақын өрт сөндіру қызметі 70 шақырым жерде орналасқан. Ал оқиға орнына екі техникамен 7 өрт сөндіруші барған.

Соңғы жаңалықтар