Алматы облысында өрт сөндіру қызметінің 2 қызметкері пара алды деген күдікпен ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысында өрт сөндіру қызметінің 2 қызметкері пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросының Алматы облысы бойынша департаменті хабарлады.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қапшағай қаласындағы өртке қарсы қызметтің төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Ж.Әбдікерімов пен оның бағынысты қызметкері, майор А.Қуандықов өзара ымыраластықпен 1 000 доллар көлемінде пара алған. Бұл қаржыға лауазымды тұлғалар «Ақ-Сарай» дәмханасын тексермей, заңбұзушылықтар жойылды деген жалған анықтама береміз деп уәде еткен.

Қазіргі таңда күдіктілер Іле ауданы ІІБ уақытша ұстау абақтысына қамалды. Тергеу амалдары жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар