Алматы облысында өрт қауіпсіздігінің сенбілігі өтті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында өрт қауіпсіздігінің сенбілігі өтті. Шараға Алматы облыстық ТЖД жеке құрамының 400-ден астам қызметкері қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомстваның баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматы облысы аумағында болған өрттердің басым бөлігі жеке тұрғын үй секторының үлесінде.

Ал қайғылы жағдайлардың басты себептері мұржаның бітелуі, пештің саңылау мен ақауы. Сондықтан жылу маусымы аяқталғанша құтқарушылар әр демалыс күндері жеке тұрғын үйлерді аралап, қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, пештерді өз бақылауына алды.

Облыстық ТЖД қызметкерлері 159 мың үйді аралап, 200 мыңдай адамға өрт қауіпсіздігі ережелері жазылған парақшаларды таратты.

Айта кету керек, наурыздың бірінен екісіне қараған түні Үшарал қаласында 7 адам ыстан уланып, бір адам қаза тапқан болатын.

Соңғы жаңалықтар