Алматы облысында өлтірілген жасөспірім үздік оқушы болған

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Іле ауданында өлтірілген 15 жастағы бозбала мектептің үздігі, үйінің үлкені болған. Аудандық білім бөлімінің қызметкерлері ҚазАқпарат тілшісіне бала жайлы айтып берді.

«Қайғылы оқиғадан кейін ювеналды полициямен бірге мектепте жоғары сынып оқушыларымен сұхбат өткіздік. Күдікті оқитын колледждің әкімшілігі де білім алушылармен сұхбаттасқан», - дейді ведомство өкілдері.

Қазіргі кезде Іле аудандық полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.

«Әзірге тергеу құпиясын сақтау мақсатында егжей-тегжейлі ақпарат берілмей отыр. Күдікті «Прогресс» политехника колледжінің 3-курс студенті. Ювеналды полицейлердің сөзіне қарағанда, жасөспірімнің үйінде жалғыз анасы отыр. Қайтыс болған бала үйінің үлкені болған. Артында екі қарындасы қалды. Ол мектепте үздік оқитын, мектеп өміріндегі шараларға үнемі белсене қатысатын», - дейді білім бөлімінің қызметкерлері.

Еске сала кетейік, Алматы облысында 15 жастағы жасөспірімді өлтірді деген күдікпен 17 жастағы бала ұсталған болатын.

Соңғы жаңалықтар