Алматы облысында оқушыны мектеп ауласында ит талады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында оқушы мектеп ауласында итке таланды. Оқиға Қарасай ауданындағы Райымбек ауылында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2-сынып оқушысы Ғани Манарбектің айтуынша, ол үзіліс кезінде даладағы әжетханаға шыққан. Сол сәтте даладағы қаңғыбас ит 7 жастағы балаға тап берген. Қазір зардап шеккен оқушы үйінде ем алып жатыр.

«Баланың жағдайы жақсы. Қазір осы оқиғаға байланысты мектеп директоры ескерту алды. Өйткені мектептің ауласы 2013 жылы қоршалған. Қоршалған жерге иттер қайдан келген және күзетші қайда қарап отыр. Осының барлығы ескеріліп, мектеп директорына арнайы бұйрықпен ескерту жарияланды. Сондай-ақ айта кеткім келеді, білім ордасына алдағы уақытта күрделі жөндеу жүргізіледі. Қазір жобалық-сметалық құжатына 32 млн теңге қаржы бөлінді. Ал дәретхана мектептің ішінде де болады деп айта аймаймын. Себебі ол әзірге белгісіз», - деді Алматы облыстық Білім басқармасының бас маманы Роза Тұрғанбаева.

Айта кету керек, Райымбек ауылындағы Кенен Әзірбаев атындағы мектепте 1 282 бала оқиды.

«Ал ауылдағы қаңғыбас иттердің көзін жою үшін тиісті органдарға хат жолданды», - деді облыстық білім басқармасы.

Соңғы жаңалықтар