Алматы облысында оқушы қызды зорлап кетті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында оқушы қызды 11 сыныптың баласы зорлап кетті деп айыпталуда. Оқиға Панфилов ауданында болған. Істі болып жатқан бала да, зорланған қыз да бір мектептің оқушылары, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазір аталған іске байланысты Талдықорғанда  сот отырысы жүріп жатыр. Жаға ұстатарлық жағдай тамыз айында болған. Жәбірленуші тарап іс бұрмаланып кетеді деп үрейленуде.

«Қазір мына айыпталушы тарап барлық жағдай қыздың келісімімен болған деп отыр. Біздің ар-намысымыз тапталғаны аздай, енді былай деп жатыр. Біз заңсыздыққа жол бермейміз», - дейді жәбірленушінің туысы.

Ал жәбірленушінің заңды өкілі Кәмшат Есмұханбетқызы жігіттің бастапқыда мүлдем кінәсін мойындамай қойғанын айтады.

«Ана балаға аяушылық танытпайды емес, танытар едік.  Бұл жерде бала кінәсін бастапқыда мойындамай қойды. Кейін тергеу амалдары басталғаннан соң, медициналық сараптама шыққан соң ғана  кінәсін мойындады», - дейді ол.

Ал айыпталушы тарап оқушылар қыз бен жігіт ретінде кездесіп жүрген дегенді  айтады. Бірақ сот бітпейінше сұхбат бере алмайтындарын жеткізді. Жәбірленуші тараптың сөзінше, айыпталушы жеткіншек қызбен "Вконтакте" әлеуметтік желісі арқылы сөйлесіп жүрген көрінеді. Түнгі он екілер шамасында оқушы қызды кездесуге шақырған күдікті алдымен арам пиғылын жүзеге асырып, артынша өзі үйге әкеп тастаған. Биыл 8-сыныпқа баруы тиіс оқушы қыз әлі мектепке де бара алмай отыр. Ал, биыл 11 сыныпқа барып, партада отыруы тиіс Ернар қазір айыпталушы орындығында. Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімнің соты жабық режимде өтіп жатыр. Келесі сот отырысы 18 қазанда жалғасады

null

Соңғы жаңалықтар