Алматы облысында оқушы қызды ұялы телефоннан қалай тоқ соққанын әкесі айтып берді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 10-сынып оқушысы ұялы телефонды қуаттағышқа қойып сөйлесіп, тоқ соғып мерт болған, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Телефоны балқып кеткен. Телефонның іздері бетінде қап-қара болып тұр. Телефон арқылы тоқ ұрып, құлақ жағынан миына әсер еткен, миынан жүрекке барған. Жүрегі сол кезде тоқтаған деді»,- деп қызынан айырылған Ақылжан Өмірбаев қайғысымен бөлісті.

Марқұмның жақындарының сөзінше, қызы қуаттағышты базарлардың бірінен сатып алған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы облысында оқушы қыздың қуаттағышта тұрған ұялы телефонның тоғы соғып, мерт болғанын хабарлаған болатынбыз.

Осыдан тура бір жыл бұрын Алматы облысында тура осындай қайғылы жағдай болған еді. Ол кезде Қаратал ауданының 14 жастағы оқушысы қуаттағышта тұрған телефонының жарылып кетуінен көз жұмды.

Араға тура жыл салып, оқиға бір облыстың екінші ауданында қайталанып отыр. Сондықтан мамандар, ұялы телефонды қуаттағышқа қойып сөйлесуге, телефон жанында ұйықтауға болмайтынын қатаң ескертеді. Себебі бұл сіздің өміріңіз үшін қауіпті.


Соңғы жаңалықтар