Алматы облысында оқушы қыз қарт әжені соққыға жықты

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында 11-сынып оқушысы қарт әжені соққыға жықты. Оқиға Іле ауданындағы  Мерей саяжайында болған. 70-тен асқан әженің қолын қайырып, саусағын сындырып, басын жарған қызды төбелес кезінде көршілері әрең ажыратқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жеті қыз, бір ұлды өмірге әкелген батыр ана өмірі мұндай қорлық көрген жоқпын деп шошып отыр.

«Ұрып, ұрып келістіріп, белімнен тепті, бір кезде басымнан түсіп қалған орамалмен қылқындырды... Арасында, арасында көрем былай. Болғаны, таяқты жеп, далада бет-аузым қан болды. Сол кезде үлкен кісілер келмегенде өлтіретін еді», - деді жәбірленуші Қалышбике Айымбетова. 

Қазір зейнеткер Іле ауданындағы орталық аурухананың жарақат бөлімінде ем алып жатыр. Оны мұнда оқиға болған күні жедел жәрдем көлігімен жеткізген.

«Науқас Айымбетова 21-ші қыркүйек күні жабық ми жарақатымен түсті бізге. Саусағы сынған. Ем алып жатыр», - деді  Іле аудандық орталық ауруханасы директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Айдар Солтанғазиев. 

Аталған оқиғаға қатысты құқық қорғау органдары күдіктінің үстінен Қылмыстық Кодекстің 107-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.  Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті анықталды. 

«Ол кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім. Қазіргі таңда аталған фактіге сәйкес  тиісті сараптамалар тағайындалған. Олардың нәтижесі бойынша нақты процессуалды шешім қабылданатын болады.Аталған іс облыстық ІІД -нің бақылауына алынды», - деп мәлімдеді аталған ведомствадан.

Жәбірленуші Қылышбике Айымбетованың айтуынша, кикілжің өрімдей қыздың малды бау-бақшасына кіргізіп жіберуінен болған.

Айта кету керек, оқушы қыздан таяқ жеп, қансырап отырған әжейдің видеосы әлеуметтік желі арқылы тарады. Оны зейнеткерге алғашқы көмек көрсеткен көршілері түсірген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Новости Казахстана и мира! 🌍📺 (@kazakh_inform) 24 Сен 2018 в 8:48 PDT

Соңғы жаңалықтар