+7 (701) 759 90 19
USD 428.68 EUR 507.21
RUB 5.57 CNY 64.2
Jańalyqtar

Алматы облысында оқушы бала жарты айдан бері іздестірілуде

2020 жылғы 21 қыркүйек 16:52
Бөлісіңіз:
Алматы облысында оқушы бала жарты айдан бері іздестірілуде

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында із-түзсіз жоғалған 10-сынып оқушысы жарты айдан бері табылмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да жоғалған 8 жасар қыз табылды

«2004 жылдың 30 қазаны күні туған Жұмасыл Ерасыл Серікқалиұлының із-түзсіз жоғалғаны туралы хабар полицияға 10 қыркүйекте келіп түсті. Содан бері жасөспірім бала іздестірілуде», - деді Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

16 жастағы жасөспірім Сарқан ауданы, Черкаск ауылындағы үйінен 9 қыркүйекте шығып кетіп, қайтып оралмаған.


Ол Черкаск ауылының Тынышбаев атындағы мектептің 10-сыныбында оқиды.

Үстінде қызыл түсті спорттық күртеше, қара түсті жеңіл куртка, қара түсті трико, аяғында ақшыл көк түсті спорттық аяқ киім болған. Бойы – 170 см, шашы қоңыр түсті.

«Осы дерек бойынша қазіргі кезде іздеу жұмыстары жалғастырылуда», - деді департаменттен.

Полицейлер Ерасыл жайлы қандай да бір ақпаратқа ие азаматтардан дереу полицияға хабарласуды сұрайды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT