Алматы облысында оқулықпен қамту көлемі артып келеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысында мектептерді оқу құралдарымен қамту көлемі екі есеге дейін артты.

«Биыл оқулықтарды сатып алуға 1 млрд. теңге жұмсалмақ. Өткен жылы оқулықтармен қамту 99,5 пайызды құраса, биыл 99,8 пайызға жетті», - деді Алматы облысы білім басқармасының бас маманы Елдес Төлебеков.

Тегін оқулықтар бірінші кезекте әлеуметтік жағдайы төмен отбасында өсіп келе жатқан және жетім балаларға таратылады. Мүмкіндігі шектеулі балалар мен интернатта тәрбиеленіп жатқан балалар қаперден шығарылмайды.

Басқарма мамандары өзге санаттағы оқушыларға да оқулық сатып алуды кейінге қалдыра тұруға кеңес береді. Биыл оқулық барлық оқушыларға жетеді, деп сендірді білім басқармасынан.

Соңғы жаңалықтар