Алматы облысында «Нұр жолы» кеден бекетінде жүргізушілерден пара алған маманға сот үкімі шықты

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында «Нұр жолы» кеден бекетінде жүргізушілерден пара алған маманға сот үкімі шықты. Айыбы дәлелденген азамат 770 мың теңге айыппұл төлеуге міндеттеліп, өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұр жолы» кеден бекетінің бас маманы Красильников А. В- ға қатысты сот алды тергеу аяқталды. Ол жүргізушілерден пара алды деп күдіктелген. 2020 жылдың 25 желтоқсанында Панфилов аудандық сотының үкімімен Красильников сотталды. Ол 770 000 теңге айыппұл төлеуге міндеттеліп, өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. Сондай-ақ пара берген жүргізушілер де сотталды», - делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің ресми хабарламасында.

Сотталған маман жүргізушілерден Қытайға тауарды тездетіп кіргізіп беру үшін пара алған.

Айта кетейік, «Нұр жолы» кеден бекетінде пандемия басталғалы мыңдаған көліктер Қытай еліне кіре алмай кептелісте тұр. Себебі, Қытай тарапы көліктерді қабылдауға шектеу қойған. Тауар алуға кезекте тұрған жүргізушілер пара бергендердің көліктері тезірек жылжитынын айтып, бірнеше рет шағымданған болатын.


Соңғы жаңалықтар