Алматы облысында «Нива» дәмханаға соғылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында «Нива» автокөлігі жолдың бойында тұрған дәмханаға соғылып, кірпіш қабырғасын қиратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға Боралдай әуежайына қарама-қарсы  Іле ауданының Аэродромная көшесінде болған.

Автокөлік Аэродромная көшесімен солтүстікке қарай бағыт алған. Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған болуы керек. Олардың бағамдауынша, жүргізушінің денсаулығы сыр берген болуы мүмкін, себебі рөлде 70-тен асқан егде адам отырған. Сондай-ақ, көлік салонында жасөспірім мен 7 жасқа толмаған екі бала отырғаны анықталды.

Белгілі болғандай, «Нива» көлігі жолдың жиектасынан өтіп, көше бойында тұрған дәмханаға барып соғылған. Қатты соққыдан дәмхананың кірпіш опырылып қалды.

Көлікте болған үш адам Алматы облысының жақын маңдағы ауруханаларының біріне жеткізілді.

 

 

null null 

Соңғы жаңалықтар