Алматы облысында нәжістен уланып қайтыс болған дәрігер травматолог болған

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында нәжіске батқан сантехникке 3 дәрігердің көмекке ұмтылғаны белгілі болды. Хирург, травматолог және реаниматолог тереңдігі 2,5 метр болатын кәріз жүйесіне түсіп, сантехникті құтқармақ болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Кәріз жүйесін тазалап, артынша нәжіске батқан 1967 жылы туған сантехник оқиға орнында қайтыс болған. Ал оған көмекке ұмтылған 1969 жылғы сантехник пен 1984 жылы туған дәрігер-травматолог жансақтау бөлімінде көз жұмды. 30 жастағы хирург дәрігер ауруханада жатыр. Оқиға орнына соңынан келген  реаниматолог дін-аман», - деп мәлім етті  облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, біз бұған дейін Еңбекшіқазақ ауданының Шелек ауылындағы аурухананың ауласында 3 адамның нәжістен уланып қайтыс болғанын хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар