Алматы облысында нәжістен уланған дәрігер мен 2 сантехник көз жұмды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат -  Алматы облысында кәріз жүйесін тазалап жатқан сантехник нәжіске батып, оған үш адам көмекке ұмтылған. Өкінішке қарай, 3 адам нәжістің иісіне уланып қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Жаға ұстарлық оқиға Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауруханасының ауласында болған.

«Сантехникке көмекке келгендердің ішінде 2 дәрігер мен бір сантехник бар. Барлығы 4 адам болған. Оқиға салдарынан дәрігер мен екі сантехник қайтыс болды. Тағы бір дәрігер жансақтау бөлімінде жатыр», - деп мәлім етті облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, оқыс оқиға жайлы мәлімет құтқарушыларға кеше күндізгі сағат 12:34-те түскен. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары оқиға орнына 9 минутта жеткен.

Соңғы жаңалықтар