Алматы облысында мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсетілді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында «Даму-Көмек» бағдарламасы аясында 4 мүмкіндігі шектеулі жанға көмек көрсетілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Олардың әрқайсысына тігін машинасы мен көп функционалды принтерлер табыс етілді.

Әсел Өскембаева, Қуаныш Қапанов, Эльмира Әмзиева және Маржан Молдиярова  «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорына көмек сұрап, өз өтінімдерін берген болатын. Мәселен,  екі баланың анасы Әсел Өскенбаева үйде отырып іс тігеді. Ол үшін көп функционалды тігін машинасы қажет еді. Енді Әсел жаңа тігін машинасымен халыққа әдемі әрі сапалы  дүниелерді ұсынамын дейді. Нәпақасын іс тігіп, саудадан тапқан жан демеушілік жасаған жандарға алғысын білдіруде.

null 

Айта кету керек, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорында «Даму - Көмек» бағдарламасы әзірленген. Аясында кез келген жан демеушілік жасап, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беруге болады. Жоғарыда тігін машиналарына ие болған адамдарға қолдауды демеушілер көрсетті.

null

Соңғы жаңалықтар