Алматы облысында мүгедектікке шығару үшін пара алған бөлім басшысына үкім шықты

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында Сарқан аудандық соты К есімді азаматтың қылмыстық ісін қарап, оған үкім шығарды. Ол өзінің медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы қызметін пайдалана отырып, сыбайлас жемқорлыққа жол берген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2016 жылы 17-ші мамырда Д есімді азаматқа 3-ші топтағы мүгедектік бір жылға тағайындалып берілген. Мүгедектікті ары қарай созу мақсатында құжат рәсімдеуге келген кембағал жаннан бөлім басшысы пара талап еткен. Пара беру кезінде азамат сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мамандарымен ұсталды. Күдікті кінәлі деп табылып, сот үкімімен оған 1 250 000 теңге айыппұл салынды. Бұл оның алған парасының 50 есе көрсеткіші. Сондай-ақ пара алған азаматтың мүлкі тәркіленіп, өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айрылды.

Соңғы жаңалықтар