+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.71 EUR 429.17
RUB 6.02 CNY 54.66
Jańalyqtar

Алматы облысында мүгедек адамды өлтірген күдікті әйел ұсталды

2018 жылғы 25 желтоқсан 19:45
Бөлісіңіз:
Алматы облысында мүгедек адамды өлтірген күдікті әйел ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының полицейлері 30 жастағы мүмкіндігі шектеулі ер адамды өлтірді деген күдікпен 34 жастағы әйелді ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Қаратал ауданында болған. 24 желтоқсанда жергілікті полицейлерге Үштөбе қаласындағы үйлердің бірінен ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнында тәртіп сақшылары қайтыс болған азаматтың бір аяғы жоқ 1-топтағы мүгедек екенін және анасымен бірге тұрғанын анықтады. Дене жарақатын салған қылмыс құралы болуы мүмкін асүй пышағы оқиға орнынан табылып, тәркіленді.

«Қаратал ауданының полициясы адам өліміне қатысы бар деген күдікпен зардап шегушімен көрші тұратын 34 жастағы әйел адамды ұстады. Алдын-ала тергеу барысында анықталғандай, қанды оқиғаның орын алуына ішімдік ішу кезінде туындаған жанжал себеп болған. Қазіргі уақытта бұл іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті аудандық уақытша ұстау оқшаулағышына қамауға алынды», - деп мәлімдеді Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, полиция таратқан ақпарат бойынша қамауға алынған азаматша бұған дейін тонау ісі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылып, бас бостандығынан айырылғаны белгілі болды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT