Алматы облысында мүгедек адамды қорлаған бала іздестіріліп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысында мүгедек әйелді қорлаған бала іздестіріліп жатыр. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Сергей Незнаев айтты. 

Аталған оқиға Қапшағай қаласында 5 тамыз күні кешкі 18:14-те болған. Болған жайттың барлығы көшедегі видеокамералардың біріне түсіп қалған. Бұл видеоны Фейсбуктегі парақшасында Юлия Трофимова жариялады. 

Бейнекадрда 6-7 жас шамасындағы ер балалардың аялдамада отырған әйелді мазақтағаны көрініп тұр. 

Мүмкіндігі шектеулі әйел қолындағы пакеттен йогурт алып берген. Біраз уақыттан соң бала йогуртты әйелдің үстіне төгіп, босаған ыдысын бетіне лақтырып жіберген. Одан кейін әйелдің басына құтыдағы суды құйып жіберіп, құтысын тағы лақтырған. Жас баланың бұл әрекеті көпшіліктің ашу-ызасын туғызды. Облыстық ІІД қазір аталған оқиғаға қатысты адамдарды анықтап жатыр. 

«Әйелдің өзін, балаларды, видеоға түсіргендер мен видеоны жариялаған адамдарды іздестіріп жатырмыз», - деді Сергей Незнаев.

Соңғы жаңалықтар