Алматы облысында милиция генералына ескерткіш ашылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Сарқан қаласында милиция генерал-лейтенанты, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Әбдіқадыр Болсамбековке ескерткіш қойылды. 

Тас мүсінді Алматы облыстық ІІД ұжымы Елбасының «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» мақаласы аясында орнатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әбдіқадыр Болсамбеков соғысқа 1942 жылы аттанып, 1947 жылы аман оралды. Сол уақыттан бері ішкі істер органдарында қатардағы қызметкерден бөлім басшысына дейін көтерілді. Мәскеудегі жоғарғы милиция мектебін бітіріп, туған өңірі Талдықорғанда ұзақ жылдар қызмет етті. Генерал құрметті демалысқа шыққаннан кейін де ұрпақ тәрбиесіне, қоғамдық жұмыстарға етене араласты. Бірнеше буын тәртіп сақшыларын тәрбиеледі.

null

Ескерткіштің салтанатты ашылу рәсіміне облыстық ІІД басшысы, генерал-майор Мұрат Ұрымханов қатысып, соғыс ардагерінің есімін ардақтау кейінгі ұрпақ пен жетісулық тәртіп сақшыларының парызы деп атап өтті.
null

Соңғы жаңалықтар