Алматы облысында Ми-8Т тікұшағының апатынан қаза болған Сабировтың жары әуе компаниясын сотқа берді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысында апатқа ұшыраған Ми-8Т тікұшағының құлдырауынан қаза болғандардың бірінің жесірі «ЕВРО-АЗИЯ ЭЙР» АҚ әуе компаниясынан 2 млн. теңге көлемінде моральдық өтемақы өндірді. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз хатшысы Қуандық Ешімет хабарлады.

Естеріңізге сала кетсек, Алматы облысының Алакөл ауданында 2012 жылдың 24 қарашасында әуе-көлік оқиғасы болып, Ми-8Т тікұшағының құлдырауы орын алған. Әуе-көлік оқиғасының салдарынан сегіз адам қайтыс болып, соның ішінде талап қоюшының жұбайы, «Қазақстан-Қытай құбыры» ККТ АҚ инженері Сабиров Кенжебай Нағашыбайұлы қаза болған еді.

Асыраушысынан айрылған келіншек «ЕВРО-АЗИЯ ЭЙР» АҚ әуе компаниясын сотқа берген болатын.

Сот отырысында нақты анықталғандай, Ми-8Т тікұшағының апатқа ұшырауына негізінен 3 себеп болғаны анықталды.

«2013 жылдың 5 қыркүйегінде «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС-нде жасақталып, осы серіктестіктің Бас директоры И.Го қол қойылған өндірістегі апат жайлы № 1 Актісінде, «Авиакомпания «Евро-Азия Эйр» АҚ-на тиесілі МИ-8Т тікұшағының құлдырауы болып, қорытындысында талапкердің жұбайы Сабиров К.Н. да қайтыс болғандығы расталған», - деді Қ.Ешімет.

Алатау аудандық сотының шешімімен Сабированың талап-арызы жартылай қанағаттандырылды. Жауапкерден Сабированың пайдасына 2 000 000 теңге мөлшерінде моральдық зиян өндірілді.

Соңғы жаңалықтар