Алматы облысында мектептерді салу кезінде мемлекеттің қазынаға 50 млн. теңге шығын келтірілді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының прокуратурасы мектептердің салынуы мен жаңғыртылуын ерекше бақылауға алды.

Бүгін кеңейтілген алқа отырысында білім және спорт нысандарында өткізілген тексерістердің қорытындылары шығарылды. Прокуратура органдары көптеген мектептер мен спорттық кешендерді салу кезінде сапасыз материалдардың қолданылғанын анықтады. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың тарапынан да бірқатар заңсыз әрекеттер анықталды.

Атап айтқанда, прокуратура құрылыс мерзімдерінің дәлелсіз ұзартылуы, бюджеттік қаражатты тиімсіз пайдалану және құрылысы аяқталмаған мектептерді қабылдау актілеріне жөнсіз қол қою фактілерін анықтады. Барлық анықталған фактілер бойынша прокуратура органдары жергілікті атқарушы органдарға 13 акт ұсынды. Мемлекеттік қазынаға 50 миллион теңге көлемінде шығын келтірілді. Тексерістің нәтижесінде Алматы облысындағы 10 мектеп апатты деп танылды. Ал облыстың 55 мектебінде балалар әлі күнге дейін үш ауысыммен білім алуда.

- Тексерістеріміздің барысында, ағымдағы жылы жалған актілерге қол қоюдың көптеген бұзушылықтары анықталды. Бүгінде шашамен 50 миллион теңгеге зиян келтірілді. Бұдан басқа, Алматы облысының прокуратура органдары қызметтерді ықылассыз орындаушыларға 44 миллионнан астам теңгеге айыппұл салынды, - деп атап өтті Алматы облысы прокурорының аға көмекшісі Айдын Өскенбаев.

Соңғы жаңалықтар