Алматы облысында медициналық кітапша сатқан адамға жарты млн теңге айыппұл салынды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында медициналық кітапша сатқан емдеу орталығының лауазымды тұлғасы жарты миллион теңгеден астам айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Денсаулық саласындағы заңсыздықты Алматы облысының арнайы мониторингтік тобы «Жетісу - адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен бірлесіп анықтады.

««Жасырын сатып алушы» Алматы облысының медициналық орталықтарының біріне барып, 20 минут ішінде барлық тексеруден өтті деген медициналық кітапшаны 1600 теңгеге сатып алған. Арнайы мониторингтік топ бұл жерде «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің бұзылғанын анықтады», - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті баспасөз қызметінің өкілі Сымбат Исрапулова.

Аталған факті бойынша медициналық орталыққа қатысты уәкілетті органдар ҚР ӘҚБтК 284 және ҚР ӘҚБтК 425-бабы бойынша 230 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл түрінде 2 әкімшілік хаттама толтырды.

Соңғы жаңалықтар