Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 377.11 EUR 424.21
RUB 5.91 CNY 56.19
Jańalyqtar

Алматы облысында машинасын сатуға келген адамды өлтіріп, көлігін айдап кетті

2018 жылғы 5 желтоқсан 19:59 792
Бөлісіңіз:
Алматы облысында машинасын сатуға келген адамды өлтіріп, көлігін айдап кетті

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысының полицейлері ірі көлік базарының бірінде көлік сатуға келген адамды өлтіріп, көлігін алып кеткен күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Астаналық полицейлер мейрамханалар алдында кезекшілік жасайды Елорданың қылмыс жиі болатын көңіл көтеру орындары анықталды

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің  хабарлауынша, күдікті «Тойота» маркалы көлігін сатуға келген 26 жасар азаматты «ақшаны үйде беремін» деген желеумен алдап, көлікке нотариалды құжат жасатқан. Артынша көлік иесін өлтіріп, мәйітін жол-жөнекей көміп кеткен.

«Түркістан облысының тұрғынын өлтіріп, көлігін алып кеткен күдікті бұған дейін де сотталған. Қазір 36 жастағы облыс тұрғыны ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл іс облыстық тергеу басқармасының өндірісінде», - деп атап өтті облыстық полиция өкілдері.

Айта кетейік, қолды болған көлік күдіктінің үйінен табылып, тәркіленді және іс материалдарына айғақзат ретінде тіркелді.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
MURAǴAT