Алматы облысында мас жүргізуші жеңіл көліктің салонына мал артқан

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында жеңіл автокөліктің салонында мал тасымалдаған мас жүргізуші ұсталды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Алматы-Өскемен автожолының 230 шақырымында Көксу ауданы Балпық би кентінің жанында болған. Мұқыры ауылының 31 жастағы тұрғыны басқарған «Фольксваген Гольф» автокөлігін тәртіп сақшылары тоқтатқан.

«2019 жылы жүргізушінің үш жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылғандығы анықталды. Аталған дерек ҚР ҚК 346-бабының 1-бөлігіне сәйкес СДТБТ-де тіркелді. Күдіктінің ішімдік ішкеннен кейін, көрші ауылда тұратын ағасына малды апаруға шешім қабылдағаны белгілі болды»,- деді Көксу АПБ бастығы полиция подполковнигі Рамиль Гимадиев.

Автокөлік айып тұрағына қойылды. Күдіктіге қатысты мекенжайын өтгертпеу туралы міндеттеме түрінде процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

«Рөлге масаң күйде отыруға болмайтынын қатаң ескертеміз. Естеріңізге сала кетейін, көлік құралдарын мас күйінде басқарғаны үшін басқару құқығынан айырылған адам қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Құқық бұзушыға қатысты ірі айыппұл немесе басқа 5 жылға бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза қолданылуы мүмкін»,-деп толықтырды Рамиль Гимадиев.


Соңғы жаңалықтар