Алматы облысында мас жүргізуші полиция қызметкеріне шабуылдады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында полицейге шабуылдаған мас жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазір 26 жастағы ауыл тұрғыны қамауда отыр.

Облыстық полиция департаментінің ақпаратына сүйенсек, полицейлер «Алматы - Өскемен» автожолының шетінде ұзақ уақыт тұрған BMW автомашинасын тексерген.

«Егер автомобиль елсіз жерде ұзақ уақыт тұрса, полиция қызметкерлері оның мән-жайын білу үшін тексеруге міндетті. Әртүрлі жағдай болуы мүмкін, мысалы, жүргізушінің мазасы болмауы мүмкін, тіпті әлдекім оған шабуылдаған болуы да мүмкін. Ал мына жағдайда, мас жүргізуші жұдырық түйіп полицейлерге төнген. Бірақ полиция қызметкерлері оны тыныштандырып, полицияға жеткізген», - делінген хабарламада.

Қазір осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Соңғы жаңалықтар