Алматы облысында ломбардты тонаған ұрылар ұсталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы Қаратал ауданы, Үштөбе қаласындағы «Лян» атты ломбардты тонаған ұрылар ұсталды. Қазір аталған іске қатысты күдікті ретінде 6 адам тергеліп жатыр. Олар 6 келі алтын мен қомақты ақшаны қолды қылған.

«Ломбардты тонағандар жалпы сомасы 42 млн теңге көлемінде шығын келтірген. Күдіктілердің барлығын қолға түсірдік. Олар Көксу, Талғар ауданы мен Талдықорған қаласының тұрғындары. Қазір олар уақытша ұстау изоляторына қамалды»,- дейді Қаратал аудандық ІІБ тергеу бөлімшесінің аға тергеушісі Темірлан Омарғалиев.

Ұрылар аталған ломбардта дабыл құрылғысы орнатылса да ғимараттың оңтайлы тұсын тауып, артқы жағынан ішке енген. Жымқырған  алтынды Алматыдағы алыпсатарларға өткізген. Түскен ақшаны өзара бөлісіп, қымбат көлік сатып алыпты. Ал, бір бөлігін казиноға салып жіберген. Қазір күдікті ретінде ұсталғандар  аталған  іс-әрекеттеріне өкініп отыр.  

 

Соңғы жаңалықтар