+7 (701) 759 90 19
USD 419.69 EUR 510.89
RUB 5.63 CNY 64.82
Jańalyqtar

Алматы облысында лицензиясыз ішімдік сатқан кәсіпкер анықталды

2019 жылғы 11 желтоқсан 17:21
Бөлісіңіз:
Алматы облысында лицензиясыз ішімдік сатқан кәсіпкер анықталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Алматы облысында лицензиясыз ішімдік сатқан кәсіпкер анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

«Қарасай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері 10 желтоқсан күні тексеру барысында аудан аумағында алкоголь өнімін рұқсат құжаттарынсыз сатқан дүкенді анықтады. Атап айтқанда, лицензиясыз және ілеспе құжатсыз, құны 195 400 теңге болатын 716 бөтелке алкоголь өнімі дүкен қоймасында табылды», делінген хабарламада.

Комитет баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған іс бойынша материал Қарасай аудандық сотына әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдау үшін жіберілген.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT