Алматы облысында «Lexus» 5 жасөспірімді қағып кетті

None
ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат – Алматы облысында көлік 5 баланы қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

«25 қазан күні сағат 19:50 шамасында Lexus автокөлігінің 28 жастағы жүргізушісі Алматы - Шелек - Қорғас автожолымен шығыс бағытта қозғалып келе жатып, Арман ауылының маңында жаяу жүргіншілерді қағып кетті.

Апат салдарынан зардап шеккен кәмелетке толмаған 5 бала ауруханаға жатқызылды. Айта кету керек, жаяу жүргіншілер жолды белгіленбеген жерден өтіп бара жатқан.

Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, сараптамалар тағайындалды», - делінген Алматы облысы Полиция департаментінің мәліметінде.

Соңғы жаңалықтар