Алматы облысында Қытай азаматтарынан пара алған азамат жазаланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы облысында ҚХР азаматтарына ықтияр хат әперемін деп пара алған мемлекеттік қызметші жазаланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бигайдаров мәлімдеді.

«Алматы облысындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет А. Тоқтамұратұлына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Ол Қытай Халық Республикасының төрт азаматына (Б. Дәулет, Г. Түсіпәлі, Б. Бақдәулет және А. Бақдәулетке) Қазақстанда тұруға ықтияр хат беру үшін шенеуніктерге жеткізу сылтауымен 80 мың теңге қаражат алған», - деді Д. Бигайдаров Facebook парақшасында өткен онлайн брифингте.

2020 жылдың 11 маусымында Алматы облысы Ескелді аудандық сотының үкімімен А. Тоқтамұратұлы 300 АЕК көлемінде 800 мың теңге айыппұл төлейтін болды және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды.


Соңғы жаңалықтар