+7 (701) 759 90 19
USD 445.84 EUR 490.47
RUB 5.73 CNY 62.87
Jańalyqtar

Алматы облысында қымбат көлік ұрлаған топ ұсталды

2020 жылғы 28 қаңтар 19:51
Бөлісіңіз:
Алматы облысында қымбат көлік ұрлаған топ ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында қымбат көліктерді айдап әкетумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. 4 ер адамның кейбірі бұрын істі болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда жыл басынан бері 17 Toyota Camry көлігі ұрланған Көкшетауда такси көлігін айдап әкеткен күдіктілер ұсталды Ақтөбеде ресейлік нөмірлі көліктерді ұрлап сатқан топ ұсталды

Көлік ұрлаушыларды Алматы облыстық криминалды полиция басқармасының қызметкерлері ұстады. Олар Іле ауданы мен Қапшағай, Алматы қалаларында қымбат көліктерді, атап айтқанда Toyota Camry 50 және 55 маркаларын ұрлағаны үшін күдікке ілінген. Қазіргі таңда оларға желтоқсан және қаңтар айында 3 көлікті айдап әкетті деп нақты айып тағылып отыр.

Ұрланған көліктің бірі Жамбыл ауданындағы жабық гаражда табылған. Күдіктілердің бірі 8 рет көлік ұрлау фактісі бойынша жауапқа тартылса, тағы біреуі зорлау, ұрлық және ұрып-соғу деректері бойынша істі болған.

Барлығы Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрғындары. Олар арнайы электронды құрылғы арқылы көліктің дабылын өшіріп тастап отырған. Бұл іс облыстық полиция департаменті басшыларының жіті бақылауына алынған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT