Алматы облысында қылмыс 6,8 % төмендеді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында тұрғын үймен біріктірілген 66 учаскелік полиция пункттерінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Ал 2018 жылы осындай тағы 111 нысан салынады. Бұл туралы ІІД-нің 2017 жылғы жедел-қызмет жұмысының қорытындылары бойынша кеңейтілген кеңес барысында белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиынға облыс әкімінің бірінші орынбасары Ләззат Тұрлашов төрағалық етті. Кеңесте облыстық ішкі істер органдарының 2017 жылғы жұмысының қорытындылары мен алдағы міндеттері туралы ІІД бастығы, полиция генерал-майоры М. Ұрұмханов баяндама жасады.

Баяндамашының айтуынша, облыстағы құқықтық тәртіп тұрақты бақылауда. Өткен жылы қылмыс жасау он мың адамға шаққанда 137-ден 126-ға, жалпы саны 6,8 % төмендеген. Қылмыстың ашылу көрсеткіші артқан, соның ішінде ауыр қылмыстарды ашу 63,0 %-тен 65,8%, аса ауыр қылмыс - 92,2-ден 94,7%, тонау 61,5-тен 67,6%, бөтеннің мүлкін ұрлау - 33,7-ден 37,8%-ке өскен. Ведомстволық бағдарлама шеңберінде 13 жедел алдын алу шаралары, атап айтқанда «Мал ұрлығы», «Пәтер», «Ұялы телефон» сияқты көптеген шаралар ұйымдастырылған. Мәлихаттың шешімімен «Малшы-мал иесі-жергілікті атқарушы орган» принципімен үш жақты келісім жасау мен мал жаю ережелерінің жобалары бекітілді. Бұл өз кезегінде мал ұрлығының алдын алуға септесетін болады. Ұрлықтарды ашу жалпы қылмыстардың ашылу көрсеткішіне ықпал етеді. Өткен жылы 13 арнайы шара өткізіліп, мал ұрлығы және пәтер тонаумен айналысқан 376 топ ұсталды.

null 

Басқосуда сөз алған облыс әкімінің бірінші орынбасары Л. Тұрлашов Елбасының биылғы Жолдауында азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтауға, оның үстемдігін қамтамасыз етуге, құқық қорғау қызметін гуманизациялау мақсатында бейнебақылаудың интеллектуалдық жүйесін енгізуге ерекше көңіл бөлінгенін атап өтті. Соған сәйкес облыс аумағында сыртқы бейнебақылау камераларын орнату жұмыстары одан әрі де жалғастырылатынын айтты. Мәселен, Ішкі істер органдарына жұмыс сапасын жоғарылату үшін 2017 жылы 11,9 млрд. теңге бөлінсе, оның 3,2 млрд. теңгесі материалдық-техникалық базаны нығайтуға бағытталды. Талдықорған қаласында Кинологиялық қызмет орталығы құрылып, жабдықталды. Ішкі істер саласына басқа да қолдау шаралары тұрақты көрсетіліп келеді.

Жиын соңында жыл қорытындысы бойынша үздік деп танылған аудандық ІІБ, үздік учаскелік полиция, үздік тергеуші және басқа да қатардағы полиция қызметкерлері облыс әкімінің, ҚР Ішкі істер министрлігінің, облыстық ІІД -нің құрмет грамоталарымен, облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Сондай-ақ облыс әкімі А. Баталовтың атына ҚР Ішкі істер министрлігінің Құрмет грамотасы берілді.

Соңғы жаңалықтар