Алматы облысында КВИ жұқтырмағанын растайтын жалған анықтама 25 мың теңгеден сатылған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында дәрігерлер коронавирус жұқтырмағанын растайтын анықтаманы 25 мың теңгеге сатқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері ПТР-тестіне теріс нәтиже көрсетілген жалған анықтамаларды беру фактісін анықтады.
Қабылданған шаралар нәтижесінде «Covid-19»-ға ПТР теріс нәтижесі көрсетілген анықтаманы беру үшін 25 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы алу кезінде 1984 жылы туған медицина қызметкері ұсталды.
«Жауап алу барысында Алматы облысының тұрғыны маусым айынан бастап қазіргі уақытқа дейін 12-ге жуық осындай анықтама ұсынғанын хабарлады. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі қозғалды»,-деп хабарлады ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі.
- Ақтөбеде мүгедек ерлі-зайыптыны көсеумен ұрған күдікті ұсталды
- «Қоғамдық бақылау туралы» Заң жобасы қоғам мен мемлекет үшін пайдалы – саясаттанушы
- Аида Балаева Қоғамдық кеңес мүшелерімен «ҚР Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасын талқылады
- Орал тұрғыны өзге елден автокөлік айдап келемін деп 2 млн теңге жымқырған
-
Атырау облысында бір тәулікте 111 адам коронавирусқа шалдықты
-
Алматыда дәрігерлер қатерлі ісігі бар 81 жастағы науқастың өмірін құтқарып қалды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам