Алматы облысында құтқарушылар жүкті әйелді трасса бойында босандырып алды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Алматы облысында трасса бойындағы медициналық пунктің құтқарушылары жүкті әйелді босандырып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Апаттар медицинасы орталығынан мәлім еткендей, кеше Алматы облысының «Күрті» трассалық медициналық-құтқару пунктіне сағат 14.40-та 20 жастағы жүкті әйел көмек сұрап барған.
«Трассалық пункт фельдшері жүкті әйелді қарай бастаған сәтте оның толғағы басталып кеткен. «Күрті» ТМҚП дәрігерлері әйелді сол жерде аман-есен босандырып алды. Құтқарушы-медиктердің сөзінше, қыз бала дүниеге келген. Сәбидің сол сәттегі жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды. Қазіргі уақытта босанған әйел мен нәресте Алматы облысы Іле ауданының орталық ауруханасына жеткізілді. Дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің арқасында бала мен ананың өміріне қауіп төнген жоқ», - делінген баспасөз хабарламасында.
Еске салайық, автожолдар бойындағы медициналық-құтқару пункттері жол-көлік оқиғалары кезінде шұғыл көмек көрсетумен қатар, өз бетімен жәрдем сұрап келген жолаушыларға да медициналық көмек береді.
«Трассалық медициналық құтқару пунктері ашылған сәттен бастап өтініш білдірген 17 мың азаматқа көмек көрсетілді. Олардың 900-ден астамы емдеу мекемелеріне жеткізілді», - деді Апаттар медицинасы орталығынан.
- Оралда соңғы үш күнде 180 адам коронавирус жұқтырды
- Ақсуда жылдар бойы оқушы қыздарды зорлап келген педофил өмір бойына сотталды
- Түркістан облысында жол жабылып, тау ортасындағы ауыл қар құрсауында қалып қойды
- Археологтар Ростов облысында Алтын орда кезеңіндегі монеталар көмбесін тапты
-
Қызылордада науқастардың басым бөлігі коронавирусты қарым-қатынас арқылы жұқтырған
-
Асқар Мамин: Қазіргі кездегі басты міндет – жаппай вакциналауды өткізу
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам