Алматы облысында құс өсірушілер субсидия ала алмай, Антикорға шағымданды

Фото:
ҚОНАЕВ.ҚазАқпарат - Алматы облысының кәсіпкері 2022 жылдан бастап құс етін өндіргені үшін берілуге міндетті 180 млн теңге көлемінде субсидия ала алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің мәліметінше, кәсіпкердің өтінімдерін жергілікті атқарушы органдар қабылдамай, өтінім беру мерзімінің аяқталуына дейін созған.

«Бірнеше рет бас тартқаннан кейін кәсіпкер әкімшілік талап-арызбен сотқа жүгініп, Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотымен қанағаттандырылған.

Алайда, осыған қарамастан, уақытылы төлем жасалмады. Бұл өнімнің жаңа көлемін өндіруде қиындықтарға әкеп соқты.

Бұл факт «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасына және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментіне жүгінуге негіз болды», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Нәтижесінде мәселе Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесте қаралып, уәкілетті органға субсидияны төлеу жөнінде шаралар қабылдады.


Соңғы жаңалықтар