Алматы облысында күн сайын 200-ге жуық науқас коронавируспен ауруханаға түседі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Алматы облысында инфекциялық стационарлардың 40 пайызы бос емес. Бұл туралы облыс әкімнің орынбасары Батыржан Байжұманов орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингіде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Соңғы екі аптада облыста коронавируспен ауырғандардың өсу қарқыны 0,9 пайыздан 0,6 пайызға төмендеді. Өңір «қызыл» аймақта. Соңғы тәулікте індет жұқтырудың 218 жағдайы анықталды. Оның ішінде 35 бала бар. Ауруханаларға коронавирус инфекциясымен күнделікті 200-ге жуық адам түсуде. Ауырған адамдардың жас ерекшелігіне қарасақ, ең көбі - 50 және одан жоғарны жастағылар (43 пайыз). Одан кейін 30-49 жас аралығындағылар – 30 пайыз. 20-29 жас аралығындағылар – 17 пайыз, 14 жасқа дейінгі балалар - 14 пайыз», - деді әкімдік өкілі.

Оның атуына қарағанда, өңірдегі инфекциялық стационарлардың 40 пайызы бос емес.

«Реанимация бөліміндегі төсектердің 15 пайызы бос емес, 72 адам ем алып жатыр. Амбулаториялық емдеуде 5371 науқас бар. Аталған науқастарға 391 мобильді бригада қызмет көрсетеді. 1 қыркүйектен бастап мобильді бригада 18 мың адамға қызмет көрсетті. Сонымен қатар, облыс халқына 206 жедел жәрдем бригадасы көмек көрсетуде», - деді облыс әкімінің орынбасары.


Соңғы жаңалықтар