Алматы облысында құлаған ұшақта болғандардың есімі анықталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысында құлаған ұшақта кімдер болғаны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысы Панфилов ауданы прокуратурасы таратқан ақпаратқа сәйкес, 54 жастағы ұшқыш, Қарағанды облысының тумасы Хамит Ақбергенов пен 39 жастағы жолаушы, «Аршидинов» шаруа қожалығының басшысы Мәсімжан Мәсімов болған.

Еске сала кетейік, төтенше жағдай бүгін таңертең Панфилов ауданында Шолақай ауылына жақын жерде болған. Жүгері егістігін өңдеуге шыққан ЯК-12 ұшағы құлап, артынан өртене бастаған. Бортта ұшқыш пен тағы бір адам болған. Екеуі де қаза болды. 

Қазір оқиға орнында Талдықорған көлік прокуроры, Алматы-1 стансасы Ішкі істер Желілік бөлімі, Алтынкөл стансасының желілік бөлімі, Панфилов аудандық ТЖД мамандары жұмыс істеп жатыр.

Мамандардың айтуынша, аталған ұшақтың ұшуға қажетті барлық құжаттары болған.

Сондай-ақ ҚР ИДМ көлік оқиғалары мен оқыс оқиғаларды тексеру департаментінің басшысы Жәнібек Тайжанов Алматы облысында ЯК-12 ұшағының құлауының ықтималсебептерін мәлімдеді.    

Соңғы жаңалықтар