Алматы облысында құқық қорғау бағытындағы кадеттік сыныптар ашылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында «Жас полиция» жобасының аясында 4 жалпы білім беретін мектептердің негізінде жаңа кадеттік сыныптар құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІДД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі мәлім еткендей, алғашқы кадет сыныбы Іле ауданына қарасты Өтеген батыр ауылындағы жалпы білім беретін мектептердің бірінің негізінде ашылған. Бұл оқу бағдарламасына құқықтану, алғашқы әскери дайындық және басқа да арнайы пәндер бойынша сабақтар мен факультативтік оқытуды енгізген мемлекеттегі жалғыз сынып болды.

«Жас полиция» жобасы оң нәтиже көрсеткіндіктен, құқыққорғау бағытындағы тағы да төрт сынып ашу жоспарланды. Аталмыш идеяны Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, ҚР Білім және ғылым министрлігі, Ішкі істер министрлігі және тағы да басқа инстанциялар қолдады.



«Бұл жобаны енгізуді ұсынған - департамент басшысы, генерал-майор Мұрат Өмірханов бастаған полицейлер болды. Білім алушылар үшін арнайы бірыңғай форма тігілді, сондай-ақ, жаңа бағдарлама жасалып, бекітілді. Кадеттерге құқық қорғау тақырыбындағы сабақтарды заң саласында арнайы білімдері бар тәжірибелі педагогтар өткізеді. Сондай-ақ, қаруды бөлшектеп-жинау, сапқа тұру, заңнаманы білу сынды қосымша пәндер болады», - деді баспасөз қызметінің өкілі.



Полиция өкілдері мәлім еткендей, қайтадан құрылған кадет сыныптарындағы сабақтар мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізілетін болады.

Соңғы жаңалықтар