Алматы облысында күдікті полиция бөлімшесінен қашып шықпақшы болды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша, тергеу материалдарына сәйкес қылмыстық іздеудің жедел қызметкерлері қаңтар айының басында Еңбекшіқазақ ауданында болған қарақшылық фактісін ашу кезінде осы қылмысқа күдікті азаматтардың бірін анықтап, оны жергілікті аудандық ішкі істер басқармасына жеткізді.

Сұрау барысында Есік қаласының 25 жастағы тұрғыны дәретханаға сұранып, кенеттен полиция қызметкерлеріне шабуыл жасап, АІІБ-ның ауласына жүрігіп шыққан.

Күдіктінің жолын полицияның әкімшілік ғимаратын күзеткен қызметкерлері бөгеді. Өз кезегінде қашпақшы болған ер адам оларға қарсылық көрсетіп, қызметкерлердің бірін жарақаттаған.

Кейін офицердің жарақаты ауыр емес болып, медициналық көмек көрсетілген соң ол өз жұмысын жалғастырғаны белгілі болды.

Қазіргі кезде күдікті Еңбекшіқазақ АІІБ-ның уақытша қамау абақтысында отыр. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 380 бабымен («Заң өкіліне қатысты күш қолдану») қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар