Алматы облысында көші-қон полициясының қызметкерлері парамен ұсталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат -  Алматы облысы Іле ауданының көші-қон полициясының инспекторы мен бөлім басшысы парамен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Іле ауданының көші-қон полициясының инспекторы мен бөлім басшысының үстінен ҚР ҚК 366-бабы 3-бөлігі 4-тармағы және 394-бабы 2-бөлігі бойынша іс қозғалып, материал сотқа жетті», деп мәлім Алматы облысының соты.

Аталған іс  Іле аудандық сотында 19 сәуір күні қаралады. Ведомствоның мәліметінше,  көші-қон полициясының инспекторы 120 мың теңге пара алып тұрған жерінен ұсталған. Ал бөлім басшысы оқиға орнынан қашып кетіп, артынша қолға түскен.

Соңғы жаңалықтар