Алматы облысында көшеде көкпар ұйымдастырғандар ұсталды

None
None
ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат - 24 шілде күні Алматы облысының Талғар қаласында көшеде көкпар тартқандар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«50 жастағы Кеңдала ауылының тұрғыны өзінің туған күніне орай көкпар ұйымдастырған. Бірақ шара әкімдікпен келісілмеген. Көкпар ойыны қыстақтан басталып, қаланың көшесінде жалғасып кеткен. Көліктердің қозғалысына кедергі келтіріп, қоғамдық тәртіпті бұзғандардың барлығы анықталды. 10 адам ұсталып, ҚР Әкімшілік кодекстің 434, 593 және 614-баптары бойынша жауапкершілікке тартылды», - делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Кейін көкпарға қатысқандар халықтан кешірім сұрады.

«24 шілде күні көкпар болуына байланысты сонда бардым. Көкпар барысында Талғардың көшесіне шығып кетіп, автокөліктердің қозғалысына кедергі келтіргеніміз үшін Талғар тұрғындарынан кешірім сұраймын», - деді көкпарға қатысқан Тұрар Рысқұлов ауылының тұрғыны, 24 жастағы Дәурен Жанмырзаев.

Ұлттық ойынның өзге де қатысушылары тұрғындардан кешірім сұрап, енді ондай әрекетке бармайтындарын айтты.

Еске салайық, көшенің қақ ортасында көкпар тартқандардың видеосы желіге тараған болатын.


Соңғы жаңалықтар