Алматы облысында қос нысан ашылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы облысының Талғар ауданында екі бірдей нысан іске қосылды. Мәселен, Талғар қаласында құрылысқа қажетті пластик өнімін шығаратын зауыт ашылды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мұнда құбыр, терезе мен есіктер шығарылады. Қуаттылығы жылына 3000 тонна. Германияның заманауи құрылғыларымен қамтылған зауыт болашақта тауарды елімізден өзге Тәжікстан мен Қырғызстан мемлекеттеріне өткізуді жоспарлап отыр. Ал жаңа кәсіпорында 90-ға жуық адам жұмысқа орналасты.

Сондай ақ Талғар қаласында ірі сауда орталығы ашылды. Аумағы 3800 шаршы метр. 6 қабатты ғимаратта тұрмысқа қажетті техника, киімдер мен азық-түлік дүкені қарастырылған. Жалпы, Талғар ауданында 9000-ға жуық кәсіпкер бар. Олар өз қаражаттарына халықты жұмыспен қамтып қана қоймай, өңіріміздің экономикалық әлеуетін жақсартуға атсалысып келеді. Биылдың өзінде бұл аймақта 4 ірі кәсіпорын іске қосылған.

Соңғы жаңалықтар