Алматы облысында коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында комиссия құрылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында коронавирустың өңірге кіру және таралуына жол бермеу жұмыстары күшейтілді. Облыстың құзырлы органдары бірігіп, ведомствоаралық комиссия құрды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазіргі таңда жұқпалы аурумен ауырған науқастарға арналған 550 орын бар. Оның 237-сі - ересектерге, қалған 313-і - балаларға арналған.

Әлемде қалыптасқан жағдайға байланысты қосымша 580 резервтік орын дайын. Медициналық мекемелер қажет дәрі-дәрмек, құрал-жабдық, қорғаныс заттарымен қамтамасыз етілді.

Сондай-ақ ҚР денсаулық сақтау министрлігі қорғану костюмдері, бетперделер мен науқастарды таситын арнайы капсулаларға, вирусқа қарсы препараттарға қосымша тапсырыс берді.

Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, өңір басшылары мен ведомствоаралық комиссия құрамындағы мамандар шекаралық бекеттер мен кеден бекеттерін қадағалап, сол маңдағы ауруханалардың дайындығын пысықтап, бақылауды күшейтті.

Барлық медицина мекемелерінде мамандарға коронавирусты анықтау, диагностика жүргізу және алдын алу бойынша семинарлар өткізілуде.


Соңғы жаңалықтар