Алматы облысында коронавируспен ауырған 810 бала амбулаторияда емделіп жүр

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында коронавируспен ауырған 810 бала амбулаторияда емделіп жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Олардың 48-і бір жасқа толмаған, 243-і 1-5 жаста, 351-і 5 пен 14 жас аралығындағы, 168-і 14-17 жастағы жасөспірім.

«Балалардағы аурудың белгілері, бас ауруы, ЖРВИ, тәбеттің жоғалуы, іштің ауыруы болуы мүмкін. Бірақ, балалар ересектерге қарағанда инфекцияны жеңіл өткізеді. Яғни, ауруды көтере алады. Олардан ересектер сияқты өкпенің зақымдануы байқалмады. СOVID-19 балаларда ең алдымен жоғарғы тыныс жолдарына әсер етеді (мұрын, ауыз, жұтқыншақ). Сондықтан олар суық тию сияқты белгілері байқалады», - деді Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының босандыру және балалар бойынша орынбасары Лейла Серікбаева.

Айта кетейік, қазіргі карантин талаптарына сәйкес, сыныпта болмаса топта COVID-19 ауруының 1 жағдайы тіркелген кезде сынып немесе топ 14 күн бойы үй карантиніне оқшаулауға жіберіледі. Сондай-ақ, бір ауысымның 30%-дан астам сыныптарында COVID-19 ауруының жағдайлары 1 инкубациялық кезеңде орта білім беру ұйымында тіркелген кезде - ауысым 14 күн бойы үй карантиніне оқшауланады.


Соңғы жаңалықтар