Алматы облысында коронавируспен 22 адам жансақтау бөлімінде жатыр

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте Алматы облысында 27 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соның ішінде Талғар ауданында – 7 жағдай, Текелі қаласында – 5, Жамбыл, Қаратал аудандары мен Талдықорған қаласында 3 жағдайдан, Ескелді, Панфилов және Ұйғыр аудандарында 2 жағдайдан тіркелді.

Сондай-ақ өткен тәулікте 203 адам емделіп шықты. Өңір «жасыл» аймақта.

«21-ақпандағы жағдай бойынша өңірде 485 адам стационарлық ем қабылдауда. Бір тәулікте ауруханаларға 15 адам түсті. Өңірдің ауруханаларындағы төсек орындар саны – 2780. Төсек-орын жүктемесі – 17,4 %. Жансақтау бөлімінде 22 адам ем қабылдауда. Жансақтау бөліміндегі төсек орындардың жүктемесі 7,8 % құрайды (280 жатын орын).

Соңғы 3 күнде 4794 адамның коронавирусқа сынамалары зертханаларда тексерілді»,- делінген Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Алматы облысы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар саны – 990 911. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны – 2855. Екпенің 2-ші компонентін алғандар саны – 891 567. Соның ішінде өткен күні екпе алғандар саны 382 адам.


Соңғы жаңалықтар