Алматы облысында коронавирус жұқтыру антирекордтық көрсеткішке жетті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында коронавирус жұқтырғандардың саны антирекордтық көрсеткішке жетті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соңғы тәулікте 477 адамнан коронавирус анықталған. Мамандар вирусты мұншалықты көп жұқтырғандардың саны жыл басынан тіркелмеген деп отыр.

«КВИ анықталған 477 жағдайдың 68-і 14 жасқа дейінгі балалар арасыннан шығып отыр. Оқушылар арасында 40 және студенттер арасында 4 жағдай анықталды. Облыс өңірлері арасында коронавирус жұқтыру көрсеткіші: Алакөл-8, Балқаш–14, Еңбекшіқазақ-39, Ескелді–13, Жамбыл–46, Іле-60, Қарасай-21, Қаратал-10, Кеген–2, Кербұлақ-8, Көксу-16, Панфилов–45, Райымбек - 2, Талғар–37, Ұйғыр–14, Талдықорған–106, Текелі-30, Қапшағай қаласы-6 тіркелді»,- делінген Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, 18 тамыздағы жағдай бойынша облыста коронавирустың зертханалық расталған 38 063 жағдайы тіркелген, оның ішінде 26 132 симптомдары бар.


Соңғы жаңалықтар