+7 (701) 759 90 19
USD 397.56 EUR 445.94
RUB 5.82 CNY 55.96
Jańalyqtar

Алматы облысында коронавирус жұқтырғандардың елдімекендерінде дезинфекция жүргізілуде

2020 жылғы 29 наурыз 00:39
Бөлісіңіз:
Алматы облысында коронавирус жұқтырғандардың елдімекендерінде дезинфекция жүргізілуде

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында коронавирус жұқтырған үш науқас тұратын елдімекендерде дезинфекциялау жұмыстары басталып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

COVID-19 вирусын жұқтырудың жаңадан 3 жағдайы тіркелген болатын. Олар - Қарасай ауылының, Іле ауданындағы Көкқайнар, Жамбыл ауданындағы Аққайнар ауылының тұрғындары. Барлығы Қарасай аудандық инфекциялық ауруханасында ем алуда.

«Аққайнар ауылындағы жағдай тіркелген үйді және ол үйдің көршілерінің үйін, ауласын, толықтай іші-сыртын дезинфекциялау жүргізілді. Ауылдың көшелеріне де залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді», - деді Жамбыл ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Бақтияр Айталы.


Айта кетейік, 1957 жылы туған əйел Іле ауданынындағы провизорлық госпитальда карантинде жатқан болатын. Ол коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болған. Əйел адамнан анализдер алынды. Талдау қорытындысы бойынша, ол Қарасай аудандық инфекциялық ауруханасына ауыстырылды.

Екінші жағдайда - Жамбыл ауданының тұрғыны, 1997 жылы туған қыз бала 20 наурызда Оңтүстік Кореядан Ие Чоу-Алматы OZ 577 рейсімен ұшып келген.

Вирус сондай-ақ 1995 жылы туған Қарасай ауданының тұрғынынан анықталды. Ол жүктіліктің 21-22 аптасында.

Еске салсақ, Алматы облысында коронавирустың барлығы 4 жағдайы тіркелді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT