+7 (701) 759 90 19
USD 425.63 EUR 515.99
RUB 5.92 CNY 66.52
Jańalyqtar

Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайып келеді

2021 жылғы 11 мамыр 13:53
Бөлісіңіз:
Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайып келеді

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайып жатыр. Соңғы 2 апталық салыстыру кезінде 1,0%-дан 0,8% дейін азайған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды Коронавирустен емделіп жатқан 435 адамның жағдайы ауыр 1052 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы 2 апталық салыстыру кезінде 1,0%-дан (26.04-02.05) 0,8% (03.05-09.05) дейін төмендеген.

Соңғы тәулікте КВИ-дің 125 жағдайы тіркелді.

Өсу қарқыны – 0,5%. Оның ішінде 102 сырқатта симптомдар бар (81,6%) және 23 науқаста (18,4%) ауру симптомдары жоқ.

«11 мамырдағы жағдай бойынша 18 859 адам індеттен жазылып шықты, бір тәулік ішінде стационардан 28 пациент, 46 адам үйден оқшаулаудан шығарылды» делінген Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Жалпы бүгінге дейін облыста коронавирустың зертханалық расталған 23 290 жағдайы тіркелген.

Оның ішінде 14 218 науқаста симптом бар.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT