Алматы облысында коронавирус жұқтырған әйел Қарасай ауданының тұрғыны болып шықты

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - 1 сəуір сағат 16:50-дегі жағдай бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы бір адам тіркелген еді. Ол - Алматы облысының тұрғыны, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Науқас - 1959 жылы туған әйел. Қарасай ауданы «Асыл арман» тұрғын үй кешенінде тұрған. Қосымша ақпарат тағы беріледі» делінген Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің хатшысы Ғалымұрат Жүкел жіберген хабарламада.

Осымен бір ғана Қарасай ауданында 4 тұрғыннан коронавирус анықталды.

Айта кетейік, Алматы облысы бойынша коронавирус жұқтырғандардың саны 9 адамға жетті. Елімізде барлығы 372 жағдай тіркелген.


Соңғы жаңалықтар