Алматы облысында көпқабатты үйдің шатырында ойнаған балалар табылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында көпқабатты үйдің шатырында ойнаған балалар табылып, олардың ата-анасын әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, құқыққорғау органдары көпқабатты үйдің төбесінде ойнаған 7 баланы тапты.

«Куәгердің бірі балалардың шатырда ойнап жүрген сәтін видеоға түсіріп, желіге жариялаған. Ол жерде балалардың ойнаған әрекеттерін анық байқауға болады. Полиция бұл оқиғаның Қарасай ауданына қарасты Қаскелең қаласында болғанын анықтады», - делінген ведомствоның берген ақпаратында.

Шатырда ойнағандардың барлығы кәмелеттік жасқа толмағандар. Олар 2008-2012 жылдары туған оқушылар. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, қазір балалар шатырға кірген жер арматурамен жабылған.

Енді балалардың ата-анасын ҚР ӘҚБК 127-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылуда.




Соңғы жаңалықтар